Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақмолада 28 жастағы жігіт қаржы пирамидасын құрып, екі жыл бойы елден ақша жинаған

30 Июля 2021 21:38

КӨКӨШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақмола полицейлері Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғынына қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады.

Күдіктінің WhatsApp мессенджерінде «Өзара көмек кассасы» чатын құрып, 2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін қаржы пирамидасын басқарғаны белгілі болды.

Ол Ақмола облысы мен еліміздің басқа да өңірлерінің тұрғындарының ақшасын алаяқтық жолмен қалтасына басқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қаржы пирамидасының қызметінен зардап шеккендер Ақмола облысының Полиция департаментіне немесе «102» нөміріне хабарласа алады.

Полицейлер азаматтардан қырағы болуды, күмәнді қаржы ұйымдарына ақша салмауды сұрайды.

«Егер Сіз немесе сіздің жақындарыңыз қаржы пирамидасының қызметіне тап болса, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймыз» деп ескертеді полиция.


Наверх