Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақсулық құтқарушы қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды

6 Мая 2021 12:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құтқарушы Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Павлодар облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің № 12 өрт сөндіру бекеті бөлімшесінің командирі Арыстанбек Машрап қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» ордені мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Орденді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин өрт сөндірушінің әкесі Қабзолдин Дулат Машрапұлына тапсырды.

Еске сала кетейік, қайғылы жағдай 2021 жылдың 25 ақпанында Павлодар облысының Ақсу қаласында болған. Арыстанбек Машрап тұрғын үйде шыққан өртті сөндіру кезінде жан тапсырған.

Азаматтық қорғау сержанты Арыстанбек Машрап 2018 жылдан бастап азаматтық қорғау органдарында қызмет етті.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Арыстанбектің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты әкесіне көңіл айтты.

Адамдарды құтқару үшін өз өмірін қиған ТЖ қызметкерлерінің ерлігі санамыздан ешқашан өшпейді. 1991-2021 жылдар аралығында қызметтік борышын атқару кезінде азаматтық қорғау органдарының 53 қызметкері қаза болды.


Ключевые слова: Оқиға, Павлодар облысы,
Наверх