Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ақтөбе облысында 9 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

21 Января 2022 19:39

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысында 9 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 700-ден астамы жүкті әйел, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысына барлығы 1 миллионнан астам вакцина жеткізілсе, оның 557 800 дозасы Спутник V вакцинасы. Жүкті әйелдер, жасөспірімдер мен жас аналар үшін 158 мыңға жуық Pfizer препараты жеткізілді.

«Қазіргі кезде 43 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті. Ал 9143 адам Pfizer вакцинасын салдырды. Оның 5 мыңнан астамы жасөспірім, 3 мыңға жуығы бала емізетін ана болса, 732-і жүкті әйел», - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Аманжолова.

Pfizer вакцинасын қабылдаған жүкті келіншектер аман-есен босанып жатыр. Өздерінің және балаларының денсаулығы жақсы.

«Pfizer вакцинасының екі компонентін желтоқсан айында қабылдадым. Вакцинаның еш кері әсерін байқамадым. Осы аптада қызымды өмірге әкелдім. Өзімнің, сәбиімнің денсаулығы жақсы. Жүкті келіншектерге еш қорықпай, вакцина салдыруға кеңес беремін. Еш қорқыныш болмауы тиіс. Қарғалы қалалық перзентханасы босану бөліміндегі дәрігерлерге алғысымды айтамын», - деді жас ана Ақерке Шерниязова.

Айта кетейік, 2021 -2022 оқу жылында(1 қыркүйек - 20 қаңтары) облыста барлығы 160 мектептің 775 сыныбында 1 135 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. 295 оқушы каникул кезінде вирус жұқтырып, ауырған. Сонымен бірге 840 бала дәстүрлі форматта оқып жүргенде COVID-19 жұқтырды.


Наверх