Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде 406 сынып оқушылары карантинге жіберілді

20 Сентября 2021 15:54

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде жаңа оқу жылы басталғалы 414 оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталып, олар сыныптастарымен бірге карантинге жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысы бойынша 115 мектептің оқушысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Қазір барлығы 406 сынып оқушысы карантинде.

«Бір оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталса, олар 14 күндік карантинге жіберіледі. Оқушылар 45 минут бірге отырады, сондықтан жұғу қаупі басым. Оқушы карантинде болғанымен, оның ата-анасы карантинге жіберілмейді. Себебі ата-ана мен вирус жұқтырған оқушы байланыста болмады. Егер оқушы ауырса, отбасы карантинге оқшауланады. Тек вакцина алғандары жұмысын кедергісіз жалғастыра алады. Қазіргі кезде 414 оқушыдан вирус анықталып, олар сыныптастарымен бірге карантинде», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлбану Дәулетова.

Айта кетейік, егер балаларға арналған вакцина жеткізілсе, тек облыстық қан орталығында сақталады. Жаңа вакцина 12-18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге берілуі мүмкін.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Коронавирус, Ақтөбе облысы, Медицина,
Наверх