Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде мал ұрлап, базарда сатқан күдікті топ ұсталды

16 Сентября 2021 16:41

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында мал ұрлап, оны сатумен айналысқан күдікті топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барлығы 6 адам мал ұрлап, сатумен айналысқан. Олар ұрлаған малды Ақтөбе және Қандыағаш қалаларының базарларында сатқан.

«Қылмыстық топтың құрамында 6 адам бар. Олардың Мұғалжар ауданы аумағындағы бес мал ұрлығының оқиғасына қатысы бар екені дәлелденді. Өзге аудандардағы мал ұрлығы дерегіне қатысының бар-жоғы анықталып жатыр»,- деді Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

Мұғалжар аудандық полиция бөлімінің қыметкерлері облыс орталығындағы әріптестерімен бірге ұрланған малды кезекті өткізу кезінде күдіктілерді қолға түсірді. Олардан 6 бас ірі қара және ГАЗель автокөлігі тәркіленді. Қылмыстық кодекстің «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған мал ұрлығы» бабы бойынша тергеу басталған. Осы баптың санкциясы мүлкін тәркілей отырып, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Ақтөбе облысы, Қылмыспен күрес, ҚР ІІМ,
Наверх