Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте 40 теңгемен жүреді

3 Декабря 2021 19:44

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қоғамдық көлік субсидияланды. Енді зейнеткерлер мен мүгедектер қоғамдық көлікте 40 теңгемен жүреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облысында қоғамдық көліктерді субсидиялау жұмысы 2015-2016 жылдары тоқтатылды. Содан бері тасымалдаушыларға ешқандай ақы төленбеді.

«Бес жылда автопарктердің тозығы жетті, дамыту қиындады. Қазір жаңа автобустар келіп жатыр. Субсидия бөлу арқылы ара қашықты сақтау, автобусты жаңарту талаптары қойылады. Шағым бар. Оны мойындаймыз. Нұр-Ақтөбе тұрғын үй алабына қосымша автобус шығару керек. №18, 28 бағыттағы автобустар қайта қалпына келтіріледі. Жалпы әлеуметтік маңызы бар 29 маршурт бекітіледі. Және де 7 санат бойынша субсидиялау көзделген. ҰОС ардагерлері, оларға теңестірілгендер, І топ мүгедектері тегін жүреді. Ал зейнеткерлер, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер ақының 50% төлейді. Бұрын 60 теңге болса, енді 40 теңге», - деді Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров.

Айта кетейік, Ақтөбе қаласында үш тасымалдаушы бар. Олар: «Qala Trans» ЖШС, «Автопарк» ЖШС, «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны». Күніне қоғамдық көлік қызметін 130-140 мың адам пайдаланады.

«Ақтөбеде қоғамдық көлік билеті электронды жүйеге аударылған. Біз тек автобус қызметін пайдаланған адамдардың жолақысын субсидиялаймыз. Қазіргі кезде субсидияға 1,3 млрд теңге қарастырылды. Оның 420 млн теңгеге жуығы осы жылдың соңына дейін жетеді деп ойлап отырмыз. Субсидиялау тәртібі өзгерді, 3 жылдық бюджетті бекіткенде тағы өседі», - деді Асхат Шахаров.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Ақтөбе облысы, Көлік, Әлеуметтік қолдау,
Наверх