Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ақтөбеде жүргізуші әйел аялдаманы қиратып кетті

3 Декабря 2021 12:35

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 25 жастағы жүргізуші жол ережесін бұзып, аялдама павильонына барып соқтығысты. Салдарынан өзі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, «BMW» автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы №7 клиника-диагностикалық орталық алдында тұрған аялдама павильонына барып соқтығысты.

«Жүргізуші Ақтөбе әуежайынан шығып, жолда №7 КДО маңында жол-қозғалысы ережесін бұзған. Ол жол белгісін сындырып, автобус аялдамасын қиратып кеткен. Салдарынан өзі Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды. Қазіргі кезде қан сынамасы алынып, тексеруге жіберілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Абырой болғанда жол апаты кезінде аялдамада ешкім болмаған», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.




Айта кетейік, Самара-Шымкент тасжолында үш көлік соқтығысып, төрт адам ауруханаға түскен болатын.


Автор Алтынай Сағындықова
Ключевые слова: Оқиға, Ақтөбе облысы,
Наверх