Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы қалалық мәслихаты жанынан екі  Кеңес құрылды

18 Июня 2021 11:03

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласының Мәслихаты жанынан Жастар кеңесі мен Сараптамалық кеңес құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын жүзеге асыру, сондай-ақ волонтерлер қозғалысын дамыту жөніндегі мемлекеттік жастар саясатын қолдау мақсатында қалалық Мәслихат жанынан Жастар кеңесі құрылды.

Жастар Кеңесінің басты міндеті – жастарды патриотизм мен адамгершілікке тәрбиелеу, жастардың қоғамдық бастамаларына көмек көрсету және жастар саясатының аясында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру сұрақтары бойынша ұсынымдарды әзірлеу.

Кеңес құрамына жастардың мемлекеттік емес ұйымдарының көшбасшылары мен өкілдері және Мәслихаттың жас депутаттары кіреді.

Жастар кеңесінде әлеуметтік, құқықтық, білім беру, мәдени, спорттық және жастардың өзге де дамуы салаларындағы нормативтік құқықтық актілерді шетелдік практикаларды ескере отырып жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу қарастырылады.

Сондай-ақ, Мәслихат жанынан Сараптамалық Кеңес те құрылды

Оның негізгі міндеті — мәслихат қызметін сараптамалық сүйемелдеу, мәслихат шешімдерінің жобалары бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау.

Бұл ретте Кеңес нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мәселелері бойынша сараптамалық ұсынымдар әзірлеумен айналысады, сондай-ақ мәслихат қызметінде сараптамалық ұсыныстарға бастамашылық етеді.

Тұрақты негізде экология, көлік, мәдениет, денсаулық сақтау салаларында сараптамалық жұмыстар жүргізілетін болады.

Алпамыс Исраил


Ключевые слова: Алматы, Қоғам, Басқа меморгандар,
Наверх