Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы облысында мектепте оқып жүрген 355 оқушы коронавирус жұқтырды

18 Сентября 2021 12:52

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавируспен ауырған оқушылардың саны 583-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша оқушылар арасында коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың 583 жағдайы тіркелді.Оның ішінде 214 жағдай жазғы демалыс кезінде, 355 жағдай оффлайн оқыту кезінде және 14 жағдай онлайн оқытуда тіркелген»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір облыста 341 сынып карантинге жабылған.

«Облыстың 167 мектебінің 341 сыныбына карантин енгізу туралы қаулы шықты және 5042 оқушы қашықтан оқи бастады.

Педагогтер арасында 1-17 қыркүйек аралығында облыс бойынша КВИ-мен ауырғандардың 88 жағдайы тіркелді, оның ішінде 32 педагог жазғы демалыс кезінде ауырып қалды.

Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары педагогтар, оқушылар, студенттер және техникалық персонал арасында сырқаттанудың күнделікті мониторингін жүргізеді»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Автор Самал Қабышева
Ключевые слова: Коронавирус, Білім, Мектеп, Алматы облысы,
Наверх