Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматы тұрғынының өзіне қол жұмсауына себепші болған тергеуші 2 жылға сотталды

24 Июля 2021 01:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қаржылық мониторинг агенттігінің тергеушісі сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram парақшасы атап өткендей, таяуда Алматы қаласы Алмалы ауданының соты Қаржылық мониторинг агенттігінің қала бойынша департаментінің тергеушісі Б. Исаевқа қатысты үкім шығарған.

Ол Қылмыстық кодекстің 371-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Сот тергеушіні екі жылға бас бостандығынан айырды.

Айта кетейік, Б. Исаев қызметін дұрыс атқармай, өз міндеттеріне салғырт қарағаны үшін айыпталған болатын.

Ол күдікті ретінде ұсталған азаматтың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген, сондай-ақ еліміздің қылмыстық-процессуалдық заңнамасының талаптарын орындамай, күдіктінің құқықтары мен заңды мүддесін шектеген.

Салдарынан ұсталған азаматқа қойылған «шизофрения» диагнозы асқынып, ол өзіне қол салған.


Наверх