Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда 224 көшенің 200 шақырым жолы жөнделеді

25 Мая 2022 01:30

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда биыл сәуір айының соңында жол-құрылыс жұмыстары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің ресми сауалына қалалық әкімдіктің берген жауабына сәйкес, шаһарда 224 көшенің жол жабынына орташа жөндеу жүргізілмек.

«Жөнделетін жолдардың жалпы ұзындығы 200 шақырымнан асады. Жолдарды орташа жөндеуге шамамен 17 млрд теңге бөлінді»,- делінеді әкімдіктің жауабында.

Сондай-ақ, әкімдіктің мәліметінше, қазіргі уақытта қаланың Абай даңғылы бойында (Саин көшесінен Өтеген батыр көшесіне дейінгі аралықта) ұзындығы 2 шақырымнан астам жол жабынына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жол жөндеу аясында ақаулы жиектерді ішінара ауыстыру қарастырылған. Қазір аталған учаскеде жиектерді түзету жұмыстары жүруде. Гранитті жиектер ауыстыруға жатпайды.

«Бұл – жиектердің бөлшектеліп, жүріс бөлігінің қажетті белгісіне түзетіліп жатқанын білдіреді. Бөлшектелген жиектер өз учаскесі үшін монтаждалады. Қайта пайдалануға жатпайтын ақаулы жиектер ғана ішінара ауыстырылады. Жиектер тексеріс пен ақаулардың анықталу шамасына қарай ауыстырылады. Жиектер үшін жеке қаражат бөлінбейді, жұмыстар орташа жөндеу шеңберінде жүргізіледі. Мамандар ақаулардың анықталуына қарай қажетті учаскелердегі жиектерді ауыстырып, түзетуді жүргізеді»,- деп жауап берді әкімдіктен.

Еске салайық, мегаполисте биыл ұзындығы 221 км болатын 224 көшеге, оның ішінде ұзындығы 56,9 км болатын қаланың 19 магистральды көшесіне орташа жөндеу жүргізілмек екенін хабарлағанбыз.


Автор Думан Арғынгелді
Ключевые слова: Алматы, Жол, Құрылыс,
Наверх