Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 9 мыңнан астам жасөспірім Pfizer вакцинасын алды

29 Ноября 2021 13:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 954 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«28 қараша күні 954 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 592, II компонентін – 362 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 28 қараша аралығында қалада 1 022 651 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 977 539 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 122 120 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 12 456 адам салдырды. Оның ішінде 738 жүкті әйел, 2 668 бала емізетін ана және 9 050 жасөспірім бар.

Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 733 адамнан тұратын 205 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді», - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Наверх