Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда 900 мыңнан астам адам вакцинаның екі компонентін салдырды

21 Октября 2021 14:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласында бір тәулікте 3941 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«20 қазан күні 3941 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін 1508, II компонентін 2433 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 20 қазан аралығында қалада 982 905 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 920 220 адам екінші компонентін салдырған. Олардың ішінде 119 875 адамның жасы 60-тан асқан»,- деп хабарлады басқармадан.

Қалада 160 пункт жұмыс істеп тұр. 1 028 адамнан тұратын 237 егу бригадасы бар.

«Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың СОСО-да вакцинация пункті жұмыс істейді» - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Вакцина, Медицина, Коронавирус,
Наверх