Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Жандарбек Бекшин

24 Июля 2021 15:38

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қаласы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық жағдай туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«24 шілдедегі жағдай бойынша қаладағы КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлады, өткен тәулікте қалада 1080 жағдай, ал апта бойы сырқаттану 800-ден 998 жағдайға дейін тіркелді», – деді Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Аурудың қарқынды өсу себебі – 18 шілдеден бастап қалада «дельта» нұсқасының таралуы. Бұл түрі жоғары жұқпалы және ауыр клиникалық симптомдар тудырады.

Соңғы 7 күнде «симптомы бар» науқастардың үлес салмағы алдыңғы 7 күндегі 88%-дан 90%-ға дейін өсті. Ал өткен жылы Уханьның Covid-19 нұсқасына байланысты індеттің алғашқы толқыны кезінде 50%-ға дейін көбейген болатын.

Өткен 7 күн ішінде, алдыңғы 7 күнмен салыстырғанда, КВИ 1,3 есе өсті, тәуліктік өсім 1%-дан астамды құрады. Мұндай көрсеткіштер неғұрлым қатаң шектеу шараларын енгізуді талап етеді.

Соңғы екі аптада жас құрамын талдау «дельта» нұсқасының контагиоздылығының жоғары болуына байланысты балалар мен жастарға вирустың бұрынғы бағыттылығын көрсетті: 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 1%-ға өсті және 14% деңгейінде; 40-59 жастағы ауырған азаматтардың үлес салмағы 25% деңгейінде жоғары болып қала береді . 60 жастан асқан адамдар арасындағы ауырғандардың үлес салмағы 70 жастан асқан адамдардың есебінен 1,1% - ға өсті.

КВИ жұқтыру орындарын салыстырмалы бағалау барлық негізгі орындарда: сауда нысандары – науқастардың 40%-ы (9%-ға өсті), қоғамдық көлік – науқастардың 20%-ы (3,6%-ға өсті), отбасы ішінде – науқастардың 19%-ы (2%-ға жуық өсті), базарлар – науқастардың 16%-ы (5%-ға өсті) жұқтырудың өскенін көрсетті.

24 шілдеде бірінші компонентпен вакциналау жоспардың 61,9%-ын және халық санының 33%-ын, екінші компонентпен егу жоспардың 39%-ын және халықтың ресми санының 21%-ын құрады. Бұл көрсеткіш әлі де эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыруды қамтамасыз етпейді.

Вакцина алғандардың ішінде 250 науқас тіркелді, оның ішінде 178 сырқат вакцина алудың толық курсын өткен (160-ы Спутник-V, 13 – Hayat , Vac, 4 – KazVac, 1-CoronaVac вакцинасымен егілген). Бұл 0,04%-ды құрайды, бұл Алматыда вакциналаудың 99,9% тиімділігін көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, 26 шілдеден бастап Алматыда карантин күшейтіледі.


Ключевые слова: Алматы, Медицина, Коронавирус,
Наверх