Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Алматыда ереуіл кезінде Ұлттық ұлан сарбазын ұрып, итін ұрлап кеткен

18 Января 2022 10:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жаппай тәртіпсіздік кезінде полицияның итін ұрлап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, 5 қаңтар күні Ұлттық ұланның сарбазы, ефрейтор Рүстембек Байқарашев жарақат алып, Найтс атты итін жоғалтып алды.

«Шабуыл жасаушылар басымнан ұрды, сол кезде сәл әлсірегенімді пайдаланып, бауы қолымда тұрған иісшіл итімді алып кетті. Есімді жиған соң полиция қызметкерлеріне қылмыскерді суреттеп бердім. Оны бүгін қамауға алыпты», - деді ефрейтор.




Иесі мен иттің көптен күткен кездесуі полиция бөлімшесінің қабырғасында өтті.

«Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында Алматы облысы аумағында шаһарға жақын жерде 1989 жылы туған А.есімді азамат ұсталды. Жоғалған қызметтік ит күдіктінің ауласынан табылды. Қазір ұсталған азаматтың қайғылы оқиғалар кезінде болған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», - деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.




Кинолог сарбаздың айтуынша, Найтс - өте ақылды, мейірімді және тәртіпті ит.


Наверх