Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда карантин режимін бұзған 12 нысан анықталды

26 Октября 2021 01:50

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат –Алматының мониторинг топтары карантин шараларының сақталуы бойынша күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Бұл туралы Алматыда КВИ таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 18-25 қазан аралығында Алматы қаласы бойынша мониторинг топтары карантиндік шаралардың сақталуын бақылау кезінде ережені бұзған 12 нысанд анықтады. Нәтижиесінде 6 заңды және 77 жеке тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. 47 қоғамдық көлікті тексеру барысында маска режимін бұзғаны үшін 6 адам жазаланды. Мектепке дейінгі мекемелерді тексеру жалғасуда, мобильді топтар 189 мемлекеттік балабақша мен 38 мектепке дейінгі ұйымды аралады. Мәселен, №154 балабақшада қызметкерлер арасында маска режимін бұзу анықталды. № 25, 48 балабақшада макировкалар жасалмаған. № 59 және 148 мектепке дейінгі мекемеде бөлмелерді ылғалды жинау және дезинфекциялау жөніндегі талаптар бұзылған. Тексеру кезінде жеті ЖОО-да санитарлық нормалардың бұзылғаны белгілі болды. Білім орындарында санитайзерлер мен рециркуляторлар жоқ болып шықты. Кейбір жатақханаларда оқшаулануға арналған студенттер бөлмесі жоқ. Жекелеген ЖОО-да келушілерді Аshyq жобасы бойынша ішке кіруі бақылауға алынбаған. Бұзушылар тізімінде – Логистика және көлік академиясы, Қазақ инженерлік-технологиялық университеті, Санкт-Петербург Гуманитарлық кәсіподақтар университеті, Қазақстан-Британ техникалық университеті, Қазақ спорт және туризм академиясы, UIB Халықаралық бизнес университеті және Каспий университеті бар. Алматыдағы студенттердің жалпы санының 57%-ы вакцина алған. ЖОО оқытушыларының арасында вакциналанғандар – 90%. Эпидемиологтар жастар мен орта жастағы адамдар инфекцияның негізгі тасымалдаушылар деп сендіреді. Олардың айтуынша, 20-39 жас аралығындағы қалалықтардың 31%-дан астамы дертті жиі жұқтырады, ал соңғы екі аптада осы жас тобындағылардың дерті шамамен 4%-ға өскен. Жедел штаб алматылықтарды КВИ-ға қарсы вакцинадан белсенді өтуге тағы да шақырды, өйткені ұжымдық иммунитеттің қалыптасуы шектеулерді кезең-кезеңімен алып тастауға және қалыпты өмір салтына оралуға мүмкіндік береді.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Алматы, Карантин, Коронавирус,
Наверх