Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда құрылыс индустриясындағы отандық өндірушілердің үлесі артады

15 Мая 2021 16:18

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда құрылыс индустриясындағы отандық өндірушілердің үлесін арттыру жоспарда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті қамтуды бақылау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары Мақсат Қиқымов, Мұхит Әзірбаев, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің өкілдері, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері, бас мердігерлер мен кәсіпкерлердің қатысуымен мемлекеттік сатып алу кезінде отандық құрылыс материалдарын өндірушілеріне жан-жақты қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.

Алматы кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда құрылыс саласындағы өнеркәсіптік кәсіпорындар толық қуатына жүктелмеген.

Сонымен қатар, ол құрылыс материалдарын сатып алу кезінде жергілікті өндірушілерді қолдау керектігін атап өтті.

Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша, Қазақстанда тиісті өндірістер немесе көлемдер болмаған кезде ғана импорттық құрылыс материалдарын сатып алуға рұқсат беретін түзетулер «Тапсырыс берушінің (құрылыс салушының) қызметін ұйымдастыру және функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» заңға 2015 жылы енгізілген.

Алайда, мердігер ұйымдар шетелдік өндірушілердің тауарларын сатып алуды жалғастырып отыр.

Отырыс барысында бас мердігерлердің, тапсырыс берушілердің қатысуымен отандық өндірушілермен кеңес өткізу туралы шешім қабылданды.

Кездесу қорытындысы бойынша Алматы қаласының әкімдігі мен Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесі арасында тұрақты әріптестік қатынастарды жолға қою жөніндегі меморандумға қол қойылды.


Наверх