Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда «қызыл» аймақтың карантиндік шектеулері тағы 7 күнге созылады

25 Октября 2021 20:09

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматыда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен отырыста санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру және қала тұрғындарын вакциналау қарқыны жөніндегі шаралар қаралды.

Инфекцияның таралу қарқыны бойынша қаланың «қызыл» аймақтан «сарыға» өтуіне қарамастан, шектеулер тағы бір аптаға сақталады. Әуежай, теміржол және автовокзалдар да, сондай-ақ оқу орындарында профилактикалық шараларды күшейту жалғасуда. Көршілес Ресейдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты алматылықтар санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауды жалғастырып, індетке тосқауыл қою үшін вакциналану қарқынын күшейту қажет. Ресей мен Еуропа елдерінен келгендер дерттің кезекті өсуіне жол бермеу үшін бақылауға алынады. Бүгін мобильді бригадалар әуежайда, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда кезекшілік етеді. Әуежайда халықаралық ұшып келу залдарында температурасы бар жолаушыларды анықтау үшін 7 стационарлық байланыссыз тепловизор орнатылған, келгендерге сауалнама жүргізіледі.

Тағы бір тепловизор ішкі рейстер залында орналасқан. Бұдан өзге, әуежай Ashyq жобасына қатысушы, онда осы жылдың 21 мамырынан бастап «қызыл» мәртебесі бар 257 және «сары» мәртебесі бар 54 адам анықталды.

Бақытжан Сағынтаев жұқтыру динамикасының төмендеуіне қарамастан, санитарлық дәрігерлер мен эпидемиологтардың шектеу шараларын сақтау жөніндегі ұсыныстарына жіті назар аудару керектігін атап өтті.

Шектеу шаралары елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 7 күн бойы жалғасады. Бәсеңдеу немесе күшейту мәселелері қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың дамуына байланысты қаралатын болады.
Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Алматы, Карантин, Коронавирус,
Наверх