Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда полицейлер 16-қабаттан секіріп өлмек болған жігітті райынан қайтарды

30 Июля 2021 16:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда полиция қызметкерлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы қаласы Медеу аудандық полиция жедел басқару орталығының кезекші бөліміне биік ғимараттың 16-шы қабатында, балконның қоршауында бір жігіттің отырғаны туралы қоңырау келіп түсті.

Оқиға орнына келген учаскелік инспекторлар Айдарбек Марат пен Думан Оразалиев балконға апаратын есікті жабық күйінде тапты.

Соған қарамастан, олар балконға кіріп, жігітпен сөйлесіп, оны мұндай қадамға бармауға көндірді.

Айдарбек жігітті әңгімеге тартып, көңілін аулай бастады. Сол сәтте Думан жігітке жақындауға тырысты.

Ал жігіттің қолында белгісіз сұйықтығы бар екі шприц болды және ол оны полицейге салып, өзі секіріп кетемін деп қорқытты.

Полиция қызметкерлері әңгіме барысында ер адамды ұстап, қауіпсіз жерге апарды. Дәрігерлер жігітке алғашқы көмек көрсетті.

Содан кейін оны тәртіп сақшылары полиция басқармасына жеткізді.



Ключевые слова: Алматы, Оқиға,
Наверх