Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 4,5 жылға сотталды

3 Августа 2021 10:26

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда заңсыз ойын бизнесіне қатысы бар жалға беруші мен ұйымдастырушылар сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті компьютерлік клуб түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

Жедел-тергеу шаралары барысында көлеңкелі айналымнан ставка қабылдау, ұтыстарды есептеу және беру функциялары және онлайн-казино ұйымдастыруға мүмкіндік беретін қосымшалары бар 104 ойын компьютерінің жиынтығы тәркіленіп алынды.

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар ҚР ҚК 307-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (аса ірі мөлшерде кіріс алумен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұдан басқа, 5,5 млн теңгеден астам мөлшерде заңсыз кіріске ие болған заңсыз ойын бизнесі үшін үй-жайды жалға берген тұрғынға қатысты үкім шықты.

Сот оған 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

ҚР ҚҚА Қылмыстық кодекске сәйкес ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ заңсыз құмар ойындарға жалға үй-жай ұсынғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.


Ключевые слова: Оқиға, Заң, Алматы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі,
Наверх