Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматыдан 800 км қашықтықта жер сілкінді

1 Декабря 2021 13:20

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 1 желтоқсан күні 09 сағат 46 минутта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 800 шақырым қашықтықта Тәжікстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 10.6. MPV магнитудасы 5.0. Координаттары 38.28° с.е. 70.00° ш.б. Жер асты дүмпуінің тереңдігі 45 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.


Ключевые слова: Алматы, Оқиға, ҚР Білім және ғылым министрлігі,
Наверх