Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алматының «цифрлық егізін» құру мәселесі талқыланды

24 Сентября 2021 10:45

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо бастаған делегациямен мегаполистің инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кездесуге Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пию, ЕҚДБ президенті кеңсесінің директоры Томас Ревиаль, ЕҚДБ Орта Азия бойынша басқарушы директоры Жужанна Харгитай, Қазақстандағы ЕҚДБ директоры Хусейн Озхан, аға банкир, Еуразияның тұрақты инфрақұрылым департаменті директорының орынбасары Бахтиёр Файзиев қатысты.

Алматының «Цифрлық егізін» құру, қоғамдық көлікті дамыту жобалары аясында ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Көлік, өнеркәсіп, энергетика, ғимараттар, суды тұтыну мен суды бұру, ТҚҚ, жерді пайдалану сияқты мегаполистің даму секторларын қамтитын «Жасыл қала» іс-қимыл жоспарын іске асыру аспектілері қаралды.
Талқылау қорытындысы бойынша тараптар қаланың инфрақұрылымы мен экологиясын жақсарту бойынша өзара тиімді шешімдер әзірлеуге дайын екендіктерін білдірді.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Алматы, Цифрлық Қазақстан, Әкімдік,
Наверх