Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтын Орда бауырлас елдердің тағдырында да айрықша із қалдырған – Президент

28 Октября 2021 12:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Алтын Орда тарихын бауырлас елдердің ғалымдарымен бірлесіп зерттеу маңызды. Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның қатысушыларына жолдаған құттықтау хатында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жайық жағасындағы және Ұлытау баурайындағы көне ескерткіштер мен заманауи кешендер туризмді дамытуға толық мүмкіндік береді. Тарихын түгендеп, одан тарихи тағылым ала білетін елдің тамыры берік болады. Алты Орда көптеген бауырлас елдердің тағдырында да айрықша із қалдырған. Сондықтан халықаралық ғылыми қауымдастықтың алдында ортақ шежіремізді бірлесе іріктеу міндеті тұр. Бүгінгі басқосуда ғалымдарымыз тың деректер мен салмақты ой-пікірін ортаға салады деп есептейміз», - делінген Мемлекет басшысының құттықтау хатында.

Айта кетейік, Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Шара аясында конференцияның қарарын қабылдау жоспарланған.


Наверх