Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Алтын Орданың 750 жылдығы: Атырауда халықаралық конференцияның пленарлық отырысы басталды

28 Октября 2021 12:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда өтіп жатқан «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның пленарлық отырысы басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пленарлық отырысты ашқан ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауын оқыды.

Пленарлық отырыс барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамедов конференция қонақтарына Сарайшық жобасын таныстырады. Сондай-ақ, ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пен Дәурен Абаев та құттықтау сөз алады.




Конфренцияның бұл бөлігінде қазақстандық тарихшылармен бірге АҚШ ғалымы Юлай Шәмілоғлы «Алтын Орда қалалары және Сарайшық» атты баяндама жасайтыны жоспарланған.




Пленарлық отырыс аясында конференцияның қарарын қабылдау күтіледі.

Еске салсақ, кешеден бері Атырау облысында «Ұлық ұлыс – Алтын Орда» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.

Бүгін шараның панельдік отырыстары басталды. Ол 5 тақырыпқа бөлінген.

Конференция аясында шара қонақтары мен ғалымдарға Сарайшық ауылындағы этноауыл таныстырылады.


Наверх