Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Әмір Закиров Парижде өткен әлем чемпионатында қола олжалады

5 Декабря 2021 13:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2024 жылғы Олимпиадаға дайындық аясында Парижде брейкингтен (брейк-данс) әлем чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан атынан Дәулет Анарбекұлы, Диляра Әубәкірова, Әмір Закиров және Ирина Усманова қатысқан болатын.

Петропавл қаласының тумасы Әмір Закиров жүзден аса спортшының арасында іріктеуден іркілмей өтіп, Словакия, АҚШ, Франция өкілдерін басып озды.

Жартылай финалда Әмір канадалық спортшымен жарысып, қарсыласқа жол берді.

Ал қола медаль үшін өткен жарыста Бразилия өкілі Луан Санды ұтып, әлем чемпионатында үздік үштікке енді.


Ключевые слова: Спорт,
Наверх