Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Marathon 2021 жүгіру жарысының жеңімпаздары анықталды

26 Сентября 2021 20:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордада өткен Astana Marathon 2021 жүгіру жарысына Қазақстанның 45 қаласынан азаматтар қатысты. Бұл - рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ең жас қатысушы – 18 жаста, ең үлкені – 76 жаста. Жарысқа ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылары мен олардың әріптестері, елорда тұрғындары мен қонақтары, кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты.

42,2 км қашықтықта ерлер үлесі – 86%, ал әйелдер 14% құрады. 10 км-де ерлер мен әйелдер үлесі сәйкесінше 62% және 38% болды.


Astana Мarathon 2021 жеңімпаздары:

42,2 км

Ерлер абсолютте

Бірінші орын - Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен, Өзбекстан

Екінші орын - Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан

Үшінші орын - Илья Тяпкин (02:24:23), Бішкек, Қырғызстан

Әйелдер абсолютте

Бірінші орын - Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан

Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан

Үшінші орын – Ольга Богомольская (03:01:18), Алматы, Қазақстан


18-39 жас санатында

Ерлер

Бірінші орын - Владислав Мамедов (02:24:17), Ангрен,Өзбекстан

Екінші орын - Данияр Орманғали (02:24:18), Алматы, Қазақстан

Үшінші орын-Илья Тяпкин (02: 24: 23), Бішкек, Қырғызстан

Әйелдер

Бірінші орын - Гүлшана Сатарова (02:35:00), Жалал-Абад, Қырғызстан

Екінші орын – Сабина Талачева (02:56:17), Наманган, Өзбекстан

Үшінші орын – Ольга Богомольская (03: 01: 18), Алматы, Қазақстан


40-44 жас санаттарында

Ерлер

Бірінші орын – Нүркен Халықберген (02:48:57), Алматы, Қазақстан

Екінші орын — Еренғайып Қуатайұлы (02:59:42), Алматы, Қазақстан

Үшінші орын – Ерік Боранбеков (03: 00: 44), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Әйелдер

Бірінші орын - Гүлмира Туенбаева (04:22:54), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Әсел Сәдуақасова (04:26:43), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Марина Волошенко (04:37:04), Көкшетау, Қазақстан


45-49 жас

Ерлер

Бірінші орын – Самат Панов (03:06:51), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Еділбек Тайлақов (03:19:17), Құлан ауылы, Қазақстан

Үшінші орын – Геннадий Карнилович (03: 27: 47), Шахтинск, Қазақстан


50-54 жас

Ерлер

Бірінші орын – Тұрар Әбутәлиев (02:55:27), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Жақсыбай Есжанов (03:11:39), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Меңдібай Әлімғазинов (03:26:16), Нұр-Сұлтан, Қазақстан


55-59 жас

Ерлер

Бірінші орын – Тұрсынғали Әлібаев (02:51:28), Алматы, Қазақстан

Екінші орын - Қанат Сүгірбаев (03:05:56), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Үшінші орын – Евгений Белов (03:19:04), Павлодар, Қазақстан


60-64 жас

Ерлер

Бірінші орын – Талапнұр Байзақ (03:12:50), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Екінші орын – Сергей Овчаренко (03:38:34), Жітіқара, Қазақстан

Үшінші орын – Александр Таранченко (04:03:48), Павлодар, Қазақстан


65-69 жас

Ерлер

Бірінші орын – Валерий Куликов (03:43:38), Шымкент, Қазақстан


70-74 жас

Әйелдер

Бірінші орын — Амегульсин Мусульманова (05:55:53), Нұр-Сұлтан, Қазақстан

Ерлер

Бірінші орын – Николай Григорьев (03:56:36), Өскемен, Қазақстан


10 км

Ерлер абсолютте

Бірінші орын – Рахымжан Келманов (00: 31: 09), Алматы, Қазақстан

Әйелдер абсолютте

Бірінші орын – Татьяна Нерознак (00: 34: 58), Алматы, Қазақстан

Еске салсақ, Astana Marathon 2021 спорттық шарасы елордада бүгін өтті. Қалада бірнеше көше жабылды.















Ключевые слова: Қоғам, Спорт, Нұр-Сұлтан,
Наверх