Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Astana Open турнирінің чемпиондары анықталды

26 Сентября 2021 16:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Astana Open ATP 250 турнирі мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекелей сында финалда әлемнің 65-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Дакворт пен дүниежүзілік рейтингте 82-орында тұрған оңтүстіккореялық Квон Су Ву бас жүлдені сарапқа салды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған матчта оңтүстіккореялық теннисші қарсыласын 7:6 (8:6), 6:3 есебімен ұтты.

Өз спорттық жолында айтулы табысына қол жеткізген Квон Сун Ву бәсеке барысында 4 эйс жасап, 6 брейк-пойнтттың екеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 10 эйс жасағанымен, 1 брейкпен шектелді.

Жұптық сында жарыстың 1-ракеткалары, мексикалық Сантьяго Гонсалес пен аргентиналық Андреас Мольтени жеңімпаз атанды. Олар соңғы бәсекеде Израиль өкілі Йонатан Эрлих пен белоруссиялық Андрей Василевскийді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Astana Open жарысында Александр Бубликтің финалға шыға алмағанын жазған болатынбыз.


Автор Елжан Ералы
Ключевые слова: Спорт,
Наверх