Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Астана» велокомандасы қазақстандық жас спортшымен келісімшартқа қол қойды

19 Октября 2021 15:48

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанның 23 жасқа дейінгі велошабандоздар арасындағы топтық жарысының қазіргі чемпионы Нұрберген Нұрлыхасым 2022 жылдан бастап Astana Qazaqstan Team командасында өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, қос тарап екі маусымға жарамды келісімшартқа отырған.

Айта кетейік, бұл - Нұрбергеннің алғашқы кәсіби келісімшарты.

21 жастағы Нұрберген Нұрлыхасым беделді еуропалық жарыстарда жасөспірімдер мен жастар деңгейінде өнер көрсетуде лайықты тәжірибе жинап үлгерді.

Мәселен, Нұрлыхасым жасөспірімдер және жастар (23 жасқа дейін) арасындағы әлем чемпионатында, «Джиро д’Италия» және «Тур дел’Авенир» додаларының жастар арасындағы сайысында сынға түскен.

Осы маусымда Нұрберген Қазақстан чемпионатының топтық жарысында сенімді жеңіске жетті.

Сондай-ақ шабандоз жасөспірімдер арасындағы ұлттық чемпионатта жоғарғы орындарға ие болған.

«Балтик-Карконоше туры» (2019) кезеңінде 4-ші орын, «Тур де ДМЗ» (2017) жалпы есебінде тоғызыншы орынға тұрақтаған.

Бұған дейін италиялық велошабандоз Джанни Москон «Астана» командасының құрамында өнер көрсететінін жазған болатынбыз.

27 жастағы спортшы алдағы екі маусымда (2022 және 2023) Қазақстан командасында жарысқа қатысады.


Автор Алма Мұқанова
Ключевые слова: Спорт, Алматы, Жастар,
Наверх