Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада электр самокаттарды жалға беретін бірыңғай платформа іске қосылды

14 Мая 2021 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласында электр самокаттарды жалға беру платформасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімдігінен мәлім еткендей, самокаттарды жалға алудың жұмыс принципі – кез келген қала тұрғыны стационарлық станцияда самокатты алып, қажетті мекенжайға жетіп, оны жақын орналасқан станцияда қалдыра алады.

Электр самокатты пайдалану үшін Jet мобильдік қосымшасын жүктеу қажет. Телефон нөмірі бойынша тіркеліп, төлем жасау үшін банк картасын қосымшамен байланыстыру керек. Транспортты қолданар кезде: самокатты таңдау, QR-кодты сканерлеу, қолайлы тарифті таңдау жүзеге асырылады.

«Қазіргі уақытта қаланың сол және оң жағалауында самокатты алуға немесе қалдыруға болатын 60-тан астам орын бар. Электр самокаттардың орналасқан жері, заряд дәрежесі туралы деректер JET қосымшасында болады. Сондай-ақ, таңдалған самокатты толығымен тегін брондау мүмкіндігі де бар», - делінген әкімдік ақпаратында.

Самокатты жалға алу құны:

Дүйсенбі – бейсенбі аралығында сағат 00:00-ден 11:59-ға дейін – 30 тг (1 мин)

Дүйсенбі – бейсенбі аралығында сағат 12:00-ден 23:59-ға дейін – 35 тг (1 мин)

Жұма - жексенбі аралығында сағат 00:00-ден 23:59-ға дейін – 35 тг (1 мин)

Қазіргі уақытта қалада 100 самокат іске қосылды және алдағы уақытта олардың санын 1 мыңға арттыру жоспарлануда.

Айта кетейік, елордада «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі жұмыс істейді. Қала бойынша 154 велостанция бар.


Ключевые слова: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Наверх