Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Астанада салынып жатқан мектептердің көбі неге Алматы ауданында - әкім жауап берді

3 Декабря 2021 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада бой көтеріп жатқан мектептердің көбі неге Алматы ауданында ғана салынып жатыр? Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновке орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде осындай сұрақ қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«№59 мектеп қазір үш ауысыммен оқып жатыр. «Поколение» тұрғын үй кешенінің тұрғындары тарапынан бірнеше сұрақ болған. Біріншісі мектеп салуға қатысты. №59 мектептің жанынан қосымша корпус салу бойынша жобалық сметалық құжаттаманы аяқтап қалдық Келесі жылдың басында құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурс жариялаймыз. Яғни, мектеп салынады», - деген Алтай Көлгінов аталмыш «Поколение» тұрғын үй кешенінің маңайында тағы бір мектеп салу туралы инвесторлармен келісім бар екенін атады.

«Бұл - жеке инвестордың жеке меншігіндегі аумақ. Онда да жобалық-сметалық құжаттама дайындалып жатыр. Оны да келесі жылы салып бастаймыз. Тұрғындар осы ауданда оқушылар сарайын салуды сұраған болатын. Тағы да жеке инвестор қаражатына Оқушылар сарайын саламыз. Құрылыс монтаж жұмыстары басталып кетті», - деді қала әкімі.

Оның айтуынша, қаланы жоспарлау қағаидаттарына түзету енгізіліп отыр.

«Алматы ауданында ғана мектеп салынып жатыр дегенге келсек, мынаны айтар едім. Біз қаланың бас жоспары мен детальді жоспарына түзету енгіздік. Қазір жаңа құрылыс түсетін ауданның әрқайсысында мектеп, әлеуметтік нысандарды, спорт нысанын салуды талап етеміз. Яғни, «әлеуметтік нысандар тұрғындардан аяқ аттам жерде болуы керек» деген қағида ұстанамыз. Баспана көп салынатын аумақтың өз мектебі, медициналық нысаны, спорт нысаны, сауда орындары, балабақшасы, қоғамдық кеңістігі бірге қарастырылуы керек. «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жобасының мақсаты да осы», -деді Алтай Көлгінов.


Автор Есімжан Нақтыбай
Ключевые слова: Мектеп, Құрылыс, Білім, Нұр-Сұлтан, Әкім, Әкімдік,
Наверх