Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа директор тағайындалды

16 Мая 2022 20:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Жасын Біркенов «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС ұжымына жаңа директорды облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қанат Әзмұханов таныстырды.

Жасын Біркенов – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 1989 жылы 30 сәуірде дүниеге келген.

Еңбек жолын 2006 жылы бастаған. Әр жылдары МТРК (Петропавл), «Қазақстан-Петропавл», сондай-ақ, «Қазақстан» және «7 канал» телеарналарында жұмыс істеген.

Ал, 2015 жылдан жұмысын «24.kz» телеарнасында жалғастырған.

2015-2016 жылдары - «Хабар 24» телеарнасының Украина Республикасындағы, 2019-2021 жылдары - Өзбекстан Республикасындағы меншікті тілшісі қызметін атқарған.

Өңірдегі ірі медиасеріктестік – «Атырау-Ақпарат» ЖШС 2001 жылы құрылған.

Медисеріктестіктің құрамында екі облыстық, жеті аудандық газет, 11 ақпараттық сайт пен баспахана бар.

Қазір бұл медиасеріктестікте дәстүрлі журналистикамен бірге интернетмедиа да дамып келеді.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігін басқарған Ысқақ Егембердиев «Айқын-Литер» ЖШС директоры болып тағайындалған еді.


Наверх