Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жаңа үлгідегі екі учаскелік полиция бекеті ашылды

24 Июня 2021 01:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жаңа үлгідегі екі учаскелік полиция бекеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2018 жылы Атырау облысының әкіміне 34 учаскелік полиция бекеттерінің жаңа ғимаратын салу жөнінде ұсыныс берілген. Содан бері 28 учаскелік полиция бекеті пайдалануға берілген. Енді тағы да осындай 5 бекетті ашу жоспарланған. Ал, жаңа учаскелік полиция бекеттері Исатай ауданындағы Х.Ерғалиев және Тұщықұдық ауылдарында ашылып отыр.

«Мемлекет басшысының Жолдауында Ішкі істер органдары жүйесін реформалауда басты рөл учаскелік полицейлерге жүктеліп, олардың қызметіне ерекше көңіл бөлінетіні айтылған еді. Соған байланысты жаңа бекетте учаскелік полиция инспекторы мен оның отбасына қолайлы тұрғын-жай қарастырылды. Мұндай бекет тәртіп сақшысының жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігі мен қоғамның тыныштығын сақтауға, қылмыстың алдын алуға зор ықпалын тигізеді. Өйткені, учаскелік инспектор тұрғындардың арыз-шағымын осында қабылдап, кез-келген мәселеге дер кезінде ден қояды» -дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.




Тұщықұдық ауылының учаскелік полиция инспекторы Шыңғыс Ибатов ішкі істер органына 2014 жылы жұмысқа қабылданған.

«Жаңа үлгідегі учаскелік полиция бекетінде 4 жұмыс бөлмесі бар. Ал, отбасым үшін тағы 4 бөлмелі тұрғын-жай салынған. Енді қадамдық қолжетімділікте қызмет атқарамын. Өйткені, жаңа ғимаратта тәулік бойы жұмыс істеуге болады» дейді учаскелік полиция инспекторы Шыңғыс Ибатов.




Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда үздік учаскелік полиция бекетіне қызметтік көлік берілгенін хабарлаған едік.


Автор Бек Мұстафа
Ключевые слова: Атырау облысы, Қоғам,
Наверх