Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атыраудың Тайсойған ауылында 1 жыл бойы бір де бір қылмыс тіркелмеген

23 Июня 2021 08:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы Тайсойған ауылында соңғы бір жыл бойы қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Тайсойған ауылында ауылдық округ құрылды. Қазір мұнда 134 отбасында 877 тұрғын бар.

Сондай-ақ, 4 кәсіпкерлік нысан, 47 шаруа қожалығы тіркелген.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, учаскелік полиция инспекторлығына полиция капитаны Ғаламат Алданбаев келгелі бері бұзақылық орын алмаған. Өзге де қылмыс тіркелмеген.

«Ауылымыз шағын әрі тыныш. Мұнда әлеуметтік жағдайы өте төмен отбасылар жоқ. Тіпті отбасылық кикілжің де болған емес. Осы жылы ауылымызға қызметке келген учаскелік полицей тұрғындармен тіл табыса алады. Әр үйді күнделікті аралайды. Тұрғындардың жағдайын біліп тұрады. Қазір ауылымызда бұзақылық сап тыйылды», - дейді Тайсойған ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағас Түзенбай Өрбісінов.

Учаскелік инспектор, полиция капитаны Ғаламат Алданбаев бұл ауылда былтырдан бері қызмет атқарады.

Ол 2015 жылы Қызылқоға аудандық жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне учаскелік полиция инспекторының көмекшісі ретінде жұмысқа қабылданған.

Осы ауылға келгенге дейін қызметін Тасшағыл ауылында жалғастырған.

«Тайсойған ауылында жағдай тұрақты. Қылмыстық оқиғалар тіркелген жоқ. Бұл ауылда бұрын сотталғандар, полицияның профилактикалық бақылау есебінде тұратын адамдар жоқ. Ауыл тұрғындарымен кері байланыс орнату мақсатында WhatsApp желісінде ашылған чат бар. Сол арқылы тұрғындармен арқылы үнемі байланыста боламын. Алдағы уақытта құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау, алдын алу үшін қызмет ете беремін», - дейді полиция капитаны Ғ.Алданбаев.

Ауыл тұрғындарының бірі Шалқарбай Ізбасаровтың айтуынша, Тайсойған – әуелден ынтымағы жарасып, бірлігі біте қайнасқан, тыныштықты ту еткен берекелі мекен.

Соның нәтижесіндде ауыл күндізде де, түнде де тыныш.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында «Полиция – халыққа жақын, ашық болуы керек» деп қадап айтты. Әсіресе, учаскелік инспекторлардың мәртебесін көтеруді тапсырды. Осы орайда Қызылқоға ауданының Тайсойған ауылдық округіндегі учаскелік бекеттің жұмысын өзге аудан мен әкімшілік аумақтарға үлгі етуді көздеп отырмыз. Біздің мақсатымыз – халықтың полицияға сенімін арттыру. Өйткені, полиция қызметкерлерінің жұмысына бағаны халық береді», - дейді Атырау облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.


Наверх