Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі: Ақмола тұрғыны туған ауылына ән арнады

20 Октября 2021 18:53

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының ауылдық ауылдық елді мекендерінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны жалғасып жатыр. Ерейментау ауданының Торғай, Малтабар, Өлеңті, Ажы және Сілеті ауылдарында бірқатар іс-шаралар өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Іс-шара аясында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, сәндік-қолданбалы өнер шеберлері мен қолөнер шеберлерінің жұмыстарының көрмелері, аудандық мәдениет үйі және ауыл өнерпаздарының қатысуымен концерттер ұйымдастырылды.

Кездесуге құрметті қонақтар ретінде еңбек ардагерлері, ауыл еңбеккерлері және агроөнеркәсіп кешенінің озаттары шақырылды.

«Барлық іс-шаралар ауылдарда қызықты және мазмұнды өтті. Тұрғындар көңілді уақыт өткізді, бір-бірімен сөйлесті, өмірдің жағымды және жарқын сәттерін еске алды. Менің ойымша, ауыл тұрғындары көптеген жағымды эмоциялар мен көтеріңкі көңіл - күйге ие болды», - деді Торғай ауылдық округінің әкімі Марат Әубәкіров.




Марафонды өткізу Өлеңті ауылының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Айтулы оқиғаның құрметіне ақын, әнші, композитор Сайлау Жылқыбаев туған ауылына «Өлеңтім – Өлеңім» әнін арнады.

Сондай-ақ, шара аясында ауылдық кітапханада «Ұлы даланың ежелгі қолөнер көрмесі» атты арнайы көрме ұйымдастырылды.

«Осы жылдар ішінде ауыл тұрғындарының күнделікті еңбегінің арқасында үлкен ауыл өсті. Барлық тұрғындарды ауылдың мерейтойымен құттықтаймын, оларға зор денсаулық пен амандық тілеймін. Біздің ауыл одан әрі гүлдене берсін», - деді ауыл тұрғыны Балтабай Хосыбаев.

Айта кетейік, «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» марафоны қазан айында облыстың ауылдық елді мекендерінде ауылдарды тұрақты дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілетін арттыру, халық шығармашылығы элементтерін сақтау және дамыту мақсатында өткізіледі.



Наверх