Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Балалардың заңды құқығын бұзғандарға қатаң шара қолданамыз - Шөкеев

19 Июня 2021 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде балалардың құқығын бұзғандарға қатаң шара қолданылатындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында БАҚ өкілдері әкімнен: «2019 жылы Түркістан облысындағы интернатта мүгедек балалар аш қалды деген ақпарат тарады. Директорды қызметінен босату ұсынылды. 2020 жылы да Түркістан облысы даудың ортасында қалды. 2021 жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің тексерулерінен кейін тағы да фактілер белгілі болды. Бұл бағытта қандай іс-шаралар атқарылмақ ?», - деп сұраған еді.

Осы ретте Түркістан облысының әкімі бұл мәселені жіті бақылауында ұстап отырғандығын баса айтты.

«Шынымен де, мұндай фактілер болды. Қаржылық немесе шаруашылық не балалардың заң құқықтарын сақтауға қатысты кез келген бұзушылық бойынша қатаң шаралар қолданатын боламыз. Жергілікті полиция басшысына, прокуратураға заң бұзушылардың жолын кесуге және жазалау тапсырма бердім. Бізде арнаулы комиссия бар. Біз бұл мәселеге айрықша мән береміз», - деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.


Автор Марлан Жиембай
Ключевые слова: Түркістан облысы, Қоғам, Заң,
Наверх