Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Бейжің Олимпиадасы Қазақстанда тікелей эфирден көрсетіледі

27 Января 2022 12:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ мен «Хабар» агенттігі» АҚ 2022 жылы Қытайда өтетін XXIV қысқы Олимпиада ойындарынан ел аумағында ресми хабар тарату құқығына ие болды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстандықтар 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада ойындарын «Qazaqstan», «Qazsport», «Хабар» және «El arna» телеарналарынан тікелей эфирден көре алады.

Олимпиада ойындарының іріктеу жарыстары 2 ақпаннан басталады.
Олимпиадаға қатысатын Қазақстан құрамасында 34 спортшы бар, олар 87 жолдама иеленген.

Қазақстандық спортшылар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түседі.

«Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында трансляцияларға Есей Жеңісұлы, Руслан Бақытжан, Тимур Сүлейменов, Сергей Райлян, Ерсін Ерікұлы, Уәлихан Қосанбай, Самат Қанағатов, Александр Олейник, Дидар Қадыров, Данила Малышев, Жігер Әзберген, Әсем Нұрланова, Лилиана Әлжанова, Индира Бектенова комментаторлық етеді.

Олимпиада ойындарының ашылу және жабылу салтанаттары, сондай-ақ жарыстар барысы «Qazaqstan» телеарнасында толықтай қазақ тілінде жүргізіледі. Комментаторлармен бірге тікелей эфирге қысқы спорт түрлері бойынша жаттықтырушылар мен спорт сарапшылары шақырылады. Әрбір жарыстың алдында және жарыс күнінен кейін «Бейжің-2022» атауымен тікелей эфирдегі студиялық бағдарламалар ұйымдастырылады.
Бұдан бөлек, олимпиадалық жарыстарды телеарналардың www.qazaqstan.tv және www.qazsporttv.kz ресми сайтынан, «Qazaqstan.tv» мобильдік қосымшасынан көруге болады.
XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақытымен 4 ақпан күні, сағат 17:55-те басталады.

Эфирдегі трансляциялар кестесі (жүктеп алу) ТВ сетка ОИ (қаз)


Наверх