Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл өндірістегі жазатайым оқиғалардан 78 адам көз жұмды

22 Июля 2021 09:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 9,3%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 691 қызметкер зардап шекті, оның 78-і көз жұмды.

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,8% - ға өсті (өткен жылдың 6 айында 672 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 9,3% - ға төмендеді (2020 жылғы 6 айда өндірісте 86 адам қаза тапты).

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (139 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (82 адам), Ақтөбе (56 адам), Павлодар (54 адам), Қостанай (49 адам), Түркістан (37 адам) облыстарында және Алматы қаласында (42 адам) сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.


Наверх