Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Биыл Жамбылда 461 түлек «Алтын белгі» иегері атанды

17 Июня 2021 22:08

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жалпы биылғы оқу жылын облыстағы 238 мыңнан астам оқушы аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Олардың 11 мыңнан астамы — 11 сынып түлектері болса, 20 мыңға жуығы — 9 сынып оқушылары.

Оның ішінде 461 түлек «Алтын белгіге» және 538 түлек үздік аттестат алды.

Бұл туралы ӨКҚ алаңында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова айтып берді.

«Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысқан 188 оқушының 107-сі жүлдегер атанған. TIMSS халықаралық зерттеуінің қортындысы бойынша 4, 8 сынып оқушылары республика бойынша жоғарғы көрсеткішпен І орынды иеленді. Биылғы жылы олимпиаданың республикалық кезеңіне облыстан 79 оқушы қатысып, 35 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның 8-і алтын, 12-і күміс және 15-і қола медаль иегері. Сондай-ақ, облыс оқушыларынан құралған команда «Ең үздік олимпиадалық команда» атанып, үздіктер қатарынан көрінді. Айта кету керек, облыс оқушылары бұл мәртебені 12 жыл қатарынан иеленіп келеді»,- деді Ж.Бекбатырова.

Биыл 19 мектептің құрылысы жүргізіліп, 4 мектепке қосымша ғимарат салынуда. 14 мектеп күрделі жөндеуден өтеді.

Жыл соңына дейін 8 мектеп пен 3 мектепке қосымша ғимарат пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Оқу үлгерімі нашарлаған оқушылар үшін 26 мамырдан 19 маусымға дейін облыстағы барлық білім мекемелерінде жазғы мектеп ұйымдастырылды.

Онда үлгерімі төмен оқушыларға назар аударылады. Мектепке кез келген оқушы ерікті түрде келіп, білімін арттыра алады.

Бұл қызмет түрі қосымша қаржыландыруды қажет етпейді. Ал жазғы демалысқа ұстаздар 19 маусымнан кейін шыға алады.


Автор Сая Сембай
Ключевые слова: Аймақ, Жамбыл облысы, Білім,
Наверх