Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

COVID-19 жұқтыру 43%-ға өсті: Қостанай облысында жаңа карантин шектеуі енгізілді

27 Июля 2021 21:45

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында демалыс және мереке күндері «Ashyq» жобасына қатысы бар-жоғына қарамастан, барлық нысандардың жұмысы тоқтатылады. Мұндай шаралар 14 тамыздан бастап әзірге екі аптаға енгізіліп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Архимед Мұхамбетовтің Instagram-аккаунтына сілтеме жасап.

Қостанай облысы әкімінің төрағалығымен КВИ-дің таралуын болдырмау жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Онда м ониторг топтарының жұмысы талқыланды. 2021 жылдың 1 маусымы мен 25 шілдесі аралығында 4 724 рейд жүргізілген, 190 карантин шараларын бұзу фактісі тіркелді.

Облыста 1 627 инфекциялық (51,9%-ы бос емес) және 300 карантин төсек орны (25,6%-ы бос емес) – барлығы 1 927 орын дайындалған.

Сонымен қатар бүгінгі күні облысқа вакцинаның бірінші компонентінің 259 500 дозасы, екінші компонентінің 194 415 дозасы жеткізілген. Бірінші компонентті салдырғандар саны – 234 070 адам, облыс тұрғындарын вакцинамен қамту – 46,3%.

«Өкінішке орай, облыстағы эпидемиологиялық ахуал нашар. Соңғы аптаның өзінде 1 181 адам коронавирус жұқтырды, өткен аптада бұл көрсеткіш 824 болған, жұқтыру 43%-ға өскен. Одан бөлек, барлық ұсыныстарды қарастыру кезінде Штаб 1-14 тамыз аралығына екі аптаға келесі шектеулерді енгізуге ұйғарды», - деп мәлімдеді Архимед Мұхамбетов.







Осылайша, Ashyq жобасына қатысы бар-жоғына қарамастан, демалыс және мереке күндері барлық нысандардың жұмысы тоқтатылады.

«Бұл – мәдениет нысандары, театрлар, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану орындары. Жұмыс күндері 20:00-ге дейін жұмыс тәртібі белгіленеді. Ауданы 2000 шаршы метрден жоғары нысандардың жұмысы тоқтатылады, олардың қатарында азық-түлік емес тауарларды сататын сауда-ойын-сауық орталықтары бар. Сонымен қатар азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, жабық базарлардың, сауналардың, СПА-орталықтардың, бассейндердің, жабық спорт нысандарының, термопарктердің жұмыс істеуіне тыйым салынады», - деп қосты өңір басшысы.

Әкім облыс тұрғындарын өздерінің және жақындарының денсаулығы үшін жауапкершілік сезінуге, сонымен қатар эпидемияға қарсы шаралардың барлық ережелерін сақтауға және уақытылы COVID-19-ға қарсы вакцина алуға шақырды.





Авторы Жанна Мұсабаева


Ключевые слова: Әкім, Карантин, Коронавирус, Қостанай облысы,
Наверх