Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Дүниежүзілік гимназиадада Қазақстан құрамасы үшінші орын алды

23 Мая 2022 12:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оқушыларымыз Дүниежүзілік гимназиадада 85 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 32 алтын, 32 күміс және 21 қола бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің әлеуметтік желідегі парақшасына жазуына қарағанда, ел құрамасы 3-орынға тұрақтап, үздік үштікке енген. Турнир кестесінде алтын және күміс медальдар саны бойынша Қазақстан 3-орында, ал қола медаль саны бойынша 5-орында тұр.

«Сонымен бірге ұлттық құраманың басшылығы қатысушыларға тағы 2 алтын медальды қайтарып беру үшін апелляция берді. Балаларымыз Гимназиадаға алғаш рет қатысса да, ел намысын лайықты дәрежеде қорғап, жоғары нәтижелер көрсете білді. Олар әлемнің 70 елінен келген 3,5 мың оқушымен бақ сынасты», - деп жазған министр оқушыларымызды әлемдік олимпиададағы жеңістерімен және жоғары жетістіктерімен құттықтайды.

Ол Білім және ғылым министрлігі оқушылар арасында зияткерлік және спорттық олимпиадаларды дамыту жұмыстарын жалғастыратынын айтады.


Наверх