Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Екібастұзда өрт сөндіруші түтіндеген пәтерден 7 жасар баланы алып шықты

9 Декабря 2021 13:10

ЕКІБАСТҰЗ. ҚазАқпарат – Екібастұз қаласында тұрғын үйдегі өртті өшірген өрт сөндірушілерге жоғарғы қабаттағы пәтерде бала қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Екібастұз қаласындағы өрт туралы хабарлама № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің «101» нөміріне 8 желтоқсан күнгі сағат 15:34-те келіп түскен. Өрт Жүсіп көшесі, 71-ші үйдің үшінші кіреберісі, төртінші қабатынан шықты», - деп баяндады тілшілерге Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына бес минутта келіп жеткен өрт сөндірушілер үш бөлмелі пәтердегі балкон терезелерінің ағаш жақтаулары, ал жатын бөлмеде – жиһаз өртенгенін анықтады.

Жалын 6 шаршы метр аумақты шарпыған. Төңіректің барлығы түтінге оранды.

5 адам өрт сөндірушілер келгенше үйден өздігінен шықты, деп атап өтті ТЖД-дан. Өрт сөндірушілер барлық пәтерлерді аралап шығып, түтінді аластап жіберді.




«Құтқарушылар жалын шыққан пәтерден бір қабат жоғары орналасқан пәтерде 7 жасар баланың қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түсті. Баланың анасы түтіндеген пәтер есігін кілтпен ашқан соң, аға өрт сөндіруші Ефим Кузнецов оның ішінен 2014 жылғы баланы сыртқа алып шықты», - деп баяндады құтқарушылар.

Баланы тексеріп шыққан дәрігерлер оған медициналық көмек қажет емес екеніне көз жеткізді. Жалын 28 минутта сөндірілді, деп қосып өтті департаменттен.

Оқиға орнында Павлодар облыстық ТЖД жеке құрамының 10 қызметкері мен 3 техника, 103, 102 қызметтері және электр жүйесі жұмыс істеген.

Өрттің шығу себептері мен одан болған шығын анықталуда.






Ключевые слова: Павлодар облысы, Оқиға, Өрт,
Наверх