Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елімізде қатерлі дерттерден келетін өлім-жітім 3% төмендеген

16 Июня 2021 17:47

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада балаларға арналған кардиохирургиялық орталық ашылады. Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен кездескен Вице-Премьер Ералы Тоғжанов осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз медицина қызметкерлерін даярлауға гранттар санын арттыруды көздеп отырмыз. Осылайша, пандемияға қарамастан, елде оң медициналық-демографиялық динамика сақталуда. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ана өлімі мен қатерлі аурулардан болатын өлім-жітім 3%-ға төмендеді. Әрине, бұл сандардың артында адам өмірі, медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі тұр», - деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, бүгінде отандық медицина бірнеше бағыт бойынша халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жүйе қалыптастырып үлгерген.

«Елімізде жоғары технологиялы медициналық көмектің 78 түрі халыққа қолжетімді. Биыл біз заманауи аппаратты қолдана отырып, орталық жүйке жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісін енгізуді жоспарлап отырмыз. Биыл Nazarbayev University жанынан Балалар кардиохирургиялық орталығын ашу жоспарланып отыр» - деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Автор Есімжан Нақтыбай
Ключевые слова: ҚР Үкіметі, Медицина,
Наверх