Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елорда тұрғыны жарты миллион теңгенің құбырын ұрлап кеткен

29 Сентября 2021 03:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада жарты миллион теңгенің профильді құбырын ұрлау күдігімен қала тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органына жүгінген елорда тұрғыны Әл-Фараби көшесі бойындағы сауда үйінің аумағында тұрған контейнерінен белгісіз адамның профильді құбырларды ұрлап кеткендігіне шағымданған. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында астаналық полиция қызметкерлері ұрлыққа күдікті 21 жастағы қала тұрғынын қолға түсірген.

«Бөгде адамдардың жоқ екендігін пайдаланған ол 500 мың теңгенің құбырларын ұрлап кеткен. Ол ұрланған құбырды металл қабылдау бекетіне өткізіп жіберген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Бұған дейін сотты болған күдікті кінәсін мойындап отыр. Оның бұған дейін елорда аумағында жасалған дәл осындай қылмыстарға қатысы тексерілуде», - деп атап өтеді ведомствода.


Автор Марлан Жиембай
Ключевые слова: Нұр-Сұлтан, Қылмыспен күрес,
Наверх