Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Елордада тыйым салынғанына қарамастан 200 адам жиналған той өткізген

2 Августа 2021 14:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Полицейлерден, әкімдік пен Санитария-эпидемиологиялық бақылау басқармасының өкілдерінен тұратын мобильді топ карантин режимін бұзушыларды анықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанның «қою қызыл аймаққа» өтуіне байланысты инфекцияның таралуын болдырмау бойынша шектеу шаралары қабылданды. Салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды.

Демалыс күндері мобильді топ 155 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 40 карантин бұзушыны анықтады.

Дегенмен, салынған тыйымға қарамастан, азаматтар қолданыстағы қаулыны елемей отыр. Мысалы, Ақан сері көшесіндегі «Арна» мейрамханасының банкет залында той өткен. Онда келген 200 қонақ карантин шараларын сақтамай, емін-еркін көңіл көтерген. Мобильді топ тексеруге келгенде той қызып жатқан.

Осы күні «Shatush» мейрамханасының банкет залы да қонақтарға толы болды. Онда 150 қонақ көңіл көтерген. Арасында қарттар мен балалар да болған.

Мейрамхана қожайындарына қатысты жиналған материал ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік өндіріс қозғау үшін өкілетті органға жіберілді.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті кәсіпкерлерді карантин шараларды бұзған жағдайда жауапқа тартылатынын және кәсіпорын жұмысының тоқтатылатынын еске салып, санитария ережелерін сақтауға шақырады. Полицейлер тұрғындарды бұқаралық шараларға бармай, отбасылық отырыстардан бас тартуға кеңес береді.


Наверх