Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Елордада ұрлық көбіне қай жерде жасалады

27 Января 2022 13:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада ұрлық жасау фактісі жиі тіркелетін орындар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордада төтенше жағдай кезінде 4 -19 қаңтар аралығында кәсіби түрде пәтер тонау оқиғасы болған емес. Жалпы тонау, ұрлаудың бірнеше түрі болады. Мысалы, қонаққа келеді, отырыста алкоголь ішуі мүмкін. Сондай сәтте үй иесінің мастығын немесе бейқамдығын пайдаланып пәтерден алтын, басқа да бағалы бұйымдарды жымқырып кетеді. Бұны әуесқой ұрлық деуге болады. Себебі ұры дайындықсыз жасайды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бөлім басшысы Диас Қадіров брифингте.

Полиция департаменті берген статистикаға сүйенсек, өткен жылдың 12 айында ұрлық жасаған 2 мыңнан астам азамат жауапқа тартылды. Сондай -ақ 17 автокөлік айдап әкетуші ұсталды.

«Ұрлық жасау қылмысының 90 пайызы аулада тұрған автокөлікті тонауға тиесілі. Немесе иесі дүкенге кіріп бара жатып көліктің есігін ашық қалдыруы мүмкін. Ұрылар бұндай сәтті қалт жібермейді. 1 минуттың өзі жетіп жатыр. Сондай-ақ, 10 пайыз жағдайда ұрлық жасау ойын-сауық және сауда орталықтары маңында, одан бөлек базар және оқу орындарының ғимаратында болып жатады», - дейді ол.

Бұған дейін елімізде ұрлық жасау қылмысы бойынша жазаның қатаңдатылғаны туралы хабарлаған едік.



Автор Әли Ибраев
Ключевые слова: ҚР ІІМ, Қылмыспен күрес, Нұр-Сұлтан,
Наверх