Погода
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаев ұсталды

15 Января 2022 16:09

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Маңғыстау облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдарының басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ж.Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен тергеу органы сайлаған және облыс прокуратурасы қолдаған екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Тергеу жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.


Наверх