Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуроодақ тұрғындарының 57 пайызы COVID-19-ға қарсы вакцина алды

28 Июля 2021 16:48

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Коронавирустың «Дельта» нұсқасы аса қауіпті. Мүмкіндігі бар барлық азаматтарды вакцина алуға шақырамыз, деп мәлімдеді Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

Бұл туралы Еуроодақ COVID-19-ға қарсы вакциналау науқанының кезекті кезеңін аяқтағаннан кейін айтылды.

Атап айтқанда, У. Ляйеннің айтуынша, ересек еуропалықтардың 57%-ы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған. Вакцина оларды толық қорғайды.

«ЕО уәдесін орындады. Біздің мақсатымыз шілде айында Еуропа Одағы азаматтарының 70%-ын кем дегенде вакцинаның бір компонентімен қорғау болатын. Бүгін біз дегенімізге жеттік. Бұл көрсеткіш Еуропаны әлемде вакцина алуда алдыңғы қатарға шығарды», - деді У. Ляйен.

Еуроодақ басшысының айтуынша, мұнымен тоқтап қалуға болмайды.

«Өзіміздің денсаулығымыз бен өзгелердің қауіпсіздігі үшін. ЕО халыққа және басқа елдерге вакцинаның жеткілікті көлемін жеткізіп отыруын жалғастырады», деді ол.


Авторы Арнұр Рақымбеков


Ключевые слова: Әлем, Әлемдегі коронавирус, Еуропа,
Наверх