Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Футболдан Қазақстан кубогы: «Қайсар» көш басына шықты

1 Августа 2021 00:41

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы төртінші турының екінші ойын күні өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қызылордада жергілікті «Қайсар» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдады. Біріншілік барысында әзірге көш соңында келе жатқан қызылордалық клуб кубок ойындарында тәп-тәуір нәтижеге қол жеткізіп келеді. Бірде-бір кездесуде жеңілген жоқ. Сол сәттілік сериясы бүгін де оларға серік болды.

Кездесу тағдырын 46-минутта қызылордалық клуб шабуылшысы Каролис Лаукжемис соққан жалғыз гол шешті. Осылайша «Қайсар» қарсыласын 1:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде өз тобында сегіз ұпаймен көш басында шықты.

Сондай - ақ, бүгін Алматының «Қайраты» сырт алаңда Түркістанның «Тұран» клубынан 3:4 есебімен жеңілсе, 30 шілдеде «Тараз» «Атырауды» 1:0 есебімен жеңді.

Енді 1 тамызда «Мақтарал» мен «Тобыл», «Ордабасы» мен «Қызылжар», СДЮСШОР № 8 бен «Шахтер», «Ақжайық» пен «Астана» командалары кездеседі.


Автор Әділжан Үмбет
Ключевые слова: Қызылорда облысы, Футбол, Спорт,
Наверх