Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Германияда вирустың «үнді штамы» таралуда

21 Июня 2021 04:40

НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - Ең ыстық құрлық елдері гуманитарлық көмекке мұқтаж. Африканың шығысында орналасқан Уганда көршілес елдерден COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін оттегі аппаратын жеткізуді сұрады. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кем дегенде 15 мың оттегі баллондары қажет. Елде коронавирустың дельта нұсқасы таралуда. 44,2 миллион тұрғыны бар Угандада, пандемия басынан бері COVID-19 ауруының 67 215 жағдайы анықталып, 542 адам қайтыс болған. Алайда, нақты деректер әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Германия астанасы түнгі өмірі қайта қалыпқа келе бастады. Берлинде ұзақ үзілістен кейін, түнгі клубтар өз жұмысын жалғастырды. Бірақ карантин шектеулері әлі де қолданылады. Келушілер саны 250 адамнан аспауы тиіс. Сонымен қатар, мекеме қонақтарында COVID-19 ауруының теріс нәтижесі, КВИ-ға қарсы вакцинация немесе жақын арада аурудан айыққаны туралы анықтамасы болу керек.

Жапония Олимпиада ойындарына қатысатын еріктілерді вакцинациялаудан өткізеді. Токиодағы әлемдік деңгейдегі спорттық сайыс 23 шілде мен 8 тамыз аралығында өтеді. Спортшылармен тығыз байланыста болатындардың барлығы екпе салдыруы қажет. Атап айтқанда, Олимпиадалық ауылдың, әуежайдың қызметкерлері, Олимпиадалық және Паралимпиадалық комитеттердің өкілдері және басқа еріктілердің барлығы вакинацияны қабылдайды. Халықаралық олимпиада комитеті вакцинаның 40 мың дозасын ұсынып отыр.

Германияда вирустың «үнді штамы» тарауда. Роберт Кох институтының басшысы Лотар Вилер ел тұрғындарын сақтық танытып, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді қатаң ұстануға шақырды. Оның мәлімдеуінше, коронавирустық инфекцияның «дельта» нұсқасы, аталмыш мутация болашақта вирустың ең кең таралған түрі болуы мүмкін екеніне күмән келтірмейді. ДСҰ мәліметі бойынша, КВИ-ның дельта-нұсқасы әлемнің 80 елінде тіркеліп үлгерген.

Еурокомиссия келісімшартта көрсетілген вакцина көлемін толық қамтамассыз етпегені үшін , AstraZeneca концернін сотқа берді. Брюссельдегі бірінші инстанциядағы сот AstraZeneca фармконцернін қыркүйектің соңына дейін Еуроодаққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның 50 миллион дозасын жеткізуге міндеттеді. Бұл талап орындалмаған жағдайда, бір доза үшін 10 евро айыппұл салынады.




Ключевые слова: Еуропа, Коронавирус, Әлем,
Наверх