Погода
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
Курс валют
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Илья Ильин зілтемірші Альберт Линдердің қазасына байланысты пікір білдірді

18 Сентября 2021 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Белгілі ауыр атлет Илья Ильин қазақстандық зілтемірші Альберт Линдердің қайтыс болуына байланысты оның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл жағдай - қазақстандық ауыр атлеттер отбасы үшін үлкен трагедия. Альберт талантты, жігерлі әрі жақсы жігіт еді. Спорттың осы түрінде өзін жақсы жағынан көрсетті. Алайда ол барлығын тастап, спорттан кетті. Альберттің психологиялық соққы алып, күрделі жағдайға душар болғанын түсінеміз», - деді Илья Ильин.

Осы орайда ол спортшылар дене жарақытынан бөлек, психологиялық тұрғыдан да зардап шегетінін атап өтті. Бұл ретте спорт медицинасы қауқарсыз болып тұр.

Спорттағы мансабын аяқтағаннан кейін адамдар өз проблемаларымен жеке өзі қалып жатады.

«Мансапты аяқтағаннан кейін өмірді басқа қырынан қайтадан бастауың керек болады және бұл жағдайда көбі үрейге бой алдырады. Менің ойымша, біз спорттық проблемаға тап болдық. Сондықтан мансабын аяқтаған жігіттерге де назар аударсақ», - деді чемпион.

Еске салсақ, қазақстандық зілтемірші Альберт Линдер 26 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Ол жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы, универсиада жеңімпазы және рекорд жасаған, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы атанған.

Алматы облысы полиция департаменті атлеттің қайтыс болуы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105 бабымен (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.


Автор Руслан Ғаббасов
Ключевые слова: Спорт, Оқиға,
Наверх